Выйти
RU

Ресейлік хоккейші алаңға Владимир Путиннің бетпердесімен шықты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Британиялық "Шеффилд Стилерс" клубында өнер көрсететін хоккейші Николай Лемтюгов алаңға Ресей президенті Владимир Путиннің бетпердесімен шықты. Ол бұл суретті өз Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

30 қазан күні "Шеффилд" Кубок матчында "Манчестер Штормды" 8:2 есебімен ойсырата жеңді.

Лемтюговтің командасы бұл кездесуге Хэллоуин мерекесіне арналған арнайы киіммен шықты. Ал ресейлік спортшы алаңда Владимир Путиннің бетпердесімен көрінді.

"Тек жақсы әсерлер! Жылы қабылдағандарыңыз бен үйренісіп кетуге көмектескендеріңіз үшін рахмет! Соғысқа жол жоқ! Ресейден махаббатпен!",- деп жазды Лемтюгов.

Ол "Манчестермен" өткен ойында хет-трик жасады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейлік хоккейші алаңға Владимир Путиннің бетпердесімен шықты (фото)