Тимур Бекмамбетов жас әйелін туған күнімен ерекше құттықтады (фото)
Опубликовано:
Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов өзінің жары, Татарстан президентінің көмекшісі Наталья Фишманды туған күнімен құттықтады. Өнер иесі жүрекжарды тілегін өзінің Instagram парақшасында қалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жан жарын туған күнімен құттықтаған ол желіде қысқа ғана жазба қалдырған. Ол онда:
"Туған күніңмен, жаным", - деп жазған.
Желі қолданушылары режиссер мен оның жұбайына деген жүрекжарды тілектерін жаудырған. Олар:
"Құттықтаймыз", "Өте әдемі жұпсыздар", "Бақытты болыңыздар" деген тілектерін жарыса жазып жатыр.
Айта кетейік, Тимур Бекмамбетов Наталья Фишманға биылғы жылдың көктемінде үйленген еді. Танымал режиссер бастапқыда екеуі бірге түскен суретті желіге жүктемесе де, кейін қос жұптың шаңырақ көтергені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825270-timur-bekmambetov-zas-jelin-tugan-knimen-erekse-kttyktady-foto/