Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҒМ вице-министрі айлық табысы қанша екенін жариялады

Опубликовано:

БҒМ вице-министрі Шолпан Каринова өзінің айлық табысы жайлы айтты. Министрлік қызметкері ай сайын жарты миллионнан аса ақша алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: Facebook

Шолпан Каринова журналистерге мемлекеттік қызметтегі жалақы арнайы жүйе бойынша есептелетінін, оған еңбек өтілі кіретінін түсіндірді.

Вице-министр айына 600 мың теңге алады.

Айта кетсек, Каринованың БҒМ вице-министрі қызметіне келгеніне бірнеше ай болған. Бұған дейін ол Назарбаев зияткерлік мектебінде директордың орынбасары ретінде қызмет еткен.

Сондай-ақ, Каринова бүгін журналистермен өткен брифингте қазақстандық мектептердегі жаңа бағалау жүйесі БЖБ мен ТЖБ-ға наразылық танытқан петицияға қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1825276-bgm-vice-ministri-ajlyk-tabysy-kansa-ekenin-zarialady/

pixel