RU

5 млн доллар: Тимур Бекмамбетов Лос-Анджелестен алған үйін көрсетті (фото)

Тимур Бекмамбетов танымал ресейлік видеоблогер Юрий Дудьті Лос-Анджелестегі жекежайына қонаққа шақырып, үйінің қандай екенін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Калифорнияда 5 миллион долларға үй сатып алу режиссер үшін жұмыс қажеттілігіне айналды, өйткені ол тек Ресейде ғана емес, Голливудта да өзін таныта бастаған.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Кино маманы алдымен Штатта үйді жалға алып тұрған, кейіннен бұлай жалғаса бермесін түсінген ол өзіне арманындағы үйді сатып алуды шешкен.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Алайда ол ұзақ уақыт бойы өзіне сай үйді таба алмапты. Кездескендердің бірі тым кішкентай, енді бірі үлкен болған.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Дегенмен бір күні оған көмекшісі хабарласып, Уолт Диснейге тиесілі болған үйді қарап көруге кеңес береді.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Бекмамбетов іздегенім сол болар деп ойлағанын, үйді көрген соң жаңылмағанын айтты.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында салынған екіқабатты жекежай Лос-Анджелестегі ең үздік аудандардың бірінде орналасқан.

Дәл осы жерде Уолт Дисней өзінің атақты мультфильмдерін жасап шығарған.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Режиссер жекежайда бұрынғы қожайынның энергетикасы сақталғанын, өзін ол жерде қонақ ретінде сезінетінін айтты.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Үйде бірнеше жатын бөлме, үлкен ас үй, жұмыс бөлмесі бар. Мэтр бұл жерге жылына бірнеше айға, көбінесе отбасынсыз келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1825287-5-mln-dollar-timur-bekmambetov-los-andzelesten-algan-jin-krsetti-foto.html