RU
Отандық жас музыкант министрдің бұйрығымен шенеунік атанды (фото)

Отандық жас музыкант министрдің бұйрығымен шенеунік атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Тұран" этно-тобының мүшесі Серік Нұрмолдаевты мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы директорының ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша орынбасары етіп тағайындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Отандық жас музыкант шенеунік атанды (фотО)

Фото: instagram, коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бұл туралы «Қазақконцерт» ұйымының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Өзінің жаңадан тағайындалған орынбасарын бүгін ұжымға «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы таныстырды.

Серік Нұрмолдаев – «Мәдениет саласының үздігі» мемлекеттік медалінің иегері, өнертану ғылымдарының магистрі.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында, Әзербайжан ұлттық консерваториясында білімін жетілдірген", - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Серік Тоқтасынұлын әр жылдары «Ақжелең», «Қобыз сазы», «Сарын», «Сазген сазы» сынды ансамбльдерде, Марат Бисенгалиевтің жетекшілігіндегі Алматы симфониялық оркестрінде орындаушылық өнерін шыңдаған.

Қазіргі уақытта отандық және шетелдік сахнаны бағындырған «Тұран» тобында өнер көрсетеді. Бұған қоса, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, авторлық туындыларды, оқу бағдарламаларын жарыққа шығарған.

Сіздің реакцияңыз
8
6
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel