Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда үш әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру жоспарлануда

Опубликовано:

Елімізде еңбекке жарамсыз болып қалу, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылу жағдайында берілетін жәрдемақылар көбейеді. Осы төлемдерді жасағанда жаңа есептеу механизмдері қолданылмақ деп хабарлады "Хабар 24".

Қазақстанда үш әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру жоспарлануда
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Асыраушысыз қалған отбасында асырауындағы адамдардың саны ескеріледі.

Сондай-ақ, жұмысынан айрылғаны үшін берілетін әлеуметтік төлемдердің ұзақтығын еңбек өтіліне байланысты алты айға дейін төлеу жоспарланған.

Қазір заң жобасы парламент мәжілісінің қарауында жатыр.

"Барлық үш төлем орта есеппен 30% -ға өседі деп жоспарлануда. Өзгерістер 2020 жылы күшіне енеді. Сонымен бірге, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, еңбекке жарамдылықтан және асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушылардың барлығына бір реттік қайта есептеу жүргізіледі", - деп түсіндірді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басқарушы директоры Марат Жәнібеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825306-kazakstanda-s-leumettik-tlemni-mlserin-arttyru-zosparlanuda/

pixel