RU
"Баяғыдай жүрейік": Азамат Сатыбалдымен билеген Иманбаева сынға қалды

"Баяғыдай жүрейік": Азамат Сатыбалдымен билеген Иманбаева сынға қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Айгүл Иманбаева әріптесі танымал актер Азамат Сатыбалдымен билеймін деп елден оңбай сөз естіді. Желі қолданушылары отбасылы әртіспен билеген әншінің қылығын ерсі санап, оны қызу талқылауға кіріскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева ойламаған жерден көпшіліктің сынына ұшырады. Шоу-бизнес жұлдызы Азамат Сатыбалдымен билеп жатқан видеосын Instagram желісіне жариялап, басы бәлеге қалды.

"Баяғыдай жүрейік көзкөргендер, бір-біріне достыққа сөз бергендер. Дүниеде өзгерістер болсадағы, көзкөргендер ешқашан өзгермеңдер" , - деген жазба қалдырған әнші видеоның астына.

Иманбаева белгілі актерді досы ретінде аса құметтейтінін білдірсе де, оның әрекетін сынаушылар табылды.

"Айгүл әдемісіз, сөз жоқ. Бірақ, әйелі бар адаммен, қанша жерден дос болсаңыз да бұлай билеген дұрыс емес" , "Осы Азаматтың қасында жүреді үнемі" , "Азаматтың өз әйелі әдемі әрі сұлу" , "Осы Азамат ағаның әйелі тойларға бармайды ғой демймін" , "Біреудің күйеуінің алдында бұлай билеген ұят" , - деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
19
2
2
1
3
20
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel