RU
Ақтаулықтар Жалғас Жұмағұловқа пәтер сыйлады (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтаулықтар Жалғас Жұмағұловқа пәтер сыйлады (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтаулықтар Сочиде ел намысын қорғап, чемпион атанған Жалғас Жұмағұловқа бір бөлмелі пәтерді сыйға тарту етті. Отандасының жеңісіне аса қатты қуанған халық аралас жекпе-жек спортшысын өз қаласына арнайы шақырып, ерекше құрмет көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жалғас Жұмағұловтан басқа M-1 Global чемпионы атағын сәтті қорғап шыққан отандық спортшы Сергей Морозов та баспаналы болды. Ақтаулықтар екі жеңімпазға өз қаласынан бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Ақтөбелік қос спортшының енді Ақтауда өз үйлері бар.

Бұл жаңалықпен Морозов өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, ақ ниетін білдіріп жатқан отандастарына алғысын жеткізді.

Жұмағұлов пен Морозов ақтаулық жанкүйерлерімен арнайы кездесу өткізіп, спорттық кеңестерімен бөлісті.

Айта кетейік, 19 қазан күні Сочиде өткен Fightnights-тің басты жекпе-жегінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов әйгілі Әли Багаутиновты жеңіп кетті. Аталмыш турнир аясында жұдырықтасқан тағы бір спортшымыз Нұрбек Қабдрахманов та өз қарсыласын ұтты.

Дә сол күні, Нұр-Сұлтан қаласында өткен М-1 Global турнирінде өнер көрсеткен Сергей Морозов өз чемпиондық атағын қорғады. Бұл шарада алматылық Асу Алмабаев та төбе көрсетті. Ол өзінен әлдеқайда жасы үлкен канадалық спортшыны жеңіп, уақытша чемпион атағына ие болған.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
32
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel