RU
Әйгілі Роналдудың анасы футбол әлеміндегі мафияға шүйлікті

Әйгілі Роналдудың анасы футбол әлеміндегі мафияға шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Аты аңызға айналған португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың анасы ел күтпеген мәлімдеме жасап, жұлдызды баласын көре алмайтын адамдар жайлы бар шындықты айтты. Долореш Авейру футбол мафиясы әйгілі спортшының бұдан да көп "алтын доп" алуына кедергі келтірді деп есептейді деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Егер футбол мафиясы болмағанда, оның алтын доптары да бұдан да көп болатын еді. Ұлым испаниялық немесе англиялық болса, бұлай жасамас еді. Бұның барлығы Роналду португалиялық болған соң ғана болып жатыр. Биыл ол "алтын доп" алады ма, жоқ па білмеймін. Бірақ, ен әрдайым сенемін" , - деді футболшының анасы.

Айта кетейік, Роналду бес дүркін "алтын доп" иегері. Ол аталмыш жүлдені 2008, 2013, 2014, 2016 және 2017 жылы алған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel