RU
Алматы облысында жасөспірім қызды ұрлап кетпек болған

Алматы облысында жасөспірім қызды ұрлап кете жаздады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында жасөспірім қызды ұрлап кетпек болған жас жігіт ұсталды. Іс материалдарына сәйкес, ол 17 жасқа енді ғана толған аруға үйленгісі келген деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылымның мәліметінше, тұтқындалған жігіт 19 жаста болып шықты. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жас жігіт зардап шеккен қызға үйленгісі келгенін ұсталғаннан кейін тәртіп сақшыларына айтқан.

Оқиға жайлы 30 қазан күні белгілі болды. Полицияға жүгінген бойжеткен құқыққорғаушыларға өзінің 2002 жылғы сіңлісін ұрлап кетпек болғанын жеткізген.

Орын алған оқиғаның анық-қанығын тексеру барысында жасөспірімді көршісі құтқарып қалғаны анықталды.

Зардап шеккен ару алматылық жоғары оқу орындарының бірінде білім алады. Қазіргі уақытта әпкесімен бірге тұрады. Бұған дейін жасөспірім Жамбыл облысында тұрған.

Айта кетерлігі, тұтқындалған жігіт те көрші облыста тұрады. Оның сөзінше, ол 17 жастағы арумен осы жылдың қаңтар айынан бері кездесіп жүр. Жас жігіт сүйіктісіне үйлену үшін алып қашпақ болғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel