RU
"Бір рет болған": Белгілі әзілкеш сахнаға ішімдік ішіп шыққанын мойындады

"Бір рет болған": Белгілі әзілкеш сахнаға ішімдік ішіп шыққанын мойындады

Рассказать Вконтакте

"Нысана" әзіл-сықақ театры арқылы жалпақ жұртқа танылған Дәнекер Оразбай сахнаға ішімдік ішіп шыққан кезі болғанын жасырмады. Ол өмірінде бір рет қана қызу күйінде өнер көрсеткен. Алайда, кейін өзін видеодан көрген әзілкеш қатты ұялғанын айтты деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дәнекер Оразбеков өзінің ішімдік ішкен күйінде сахнаға шыққан сәтін көріп, жерге кіріп кете жаздағанын мойындады.

"Жоқ, мен ондайға өте қарсымын. Мейлі түсіріліп жатыр ғой, жасырмаймын. Менде ондай оқиға бір рет болған. Кейін өзімді көрген кезде жерге кіріп кете жаздағам. Сол жерде ойнап, мен ақтырып жатырмын деп ойлағанмын. Бірақ, олай емес.
Тіл күрмеленеді, адам ойына келгенін айта бастайды. Мен ол жерде кішкене ғана мас болатындай емеспін ғой деп ойлағанымен ол - қате. Мысалы, кішкене ұрттасаң да рульге отырмайсың ғой. Сол сияқты сахна да киелі. Сол себепті, мен ішімдік деген нәрсеге мүлдем қарсымын" ,- деп ағынан жарылды әзілкеш.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel