RU

Қазақстандық жігіт жылдың "Үздік ММА шебері" атағына ұсынылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық спортшы Бағдат Жұбаныш "ерлер арасында әлемдегі жылдың ең үздік ММА шебері" атағына үміткерлер тізіміне кірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан ММА біріккен федерациясының ресми Instagram парақшасында хабарланды.

Хабарламада 23 жастағы Бағдат Жұбаныш "ерлер арасында жылдың үздік спортшысы" атағына ұсынылғаны жазылған.

Жұбаныш бүгінгі күні әлем мен Азия чемпионы болып табылады. Оған халықаралық деңгейдегі спорт шебері атағы берілген.

Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, жас спортшысы Ақтөбе облысыны тумасы. Ол 1996 жылы дүниеге келген. Бағдат спортпен бұрыннан бері айналысып келеді. Жас жігіт жақсы нәтижелер көрсетіп жүр.

Қазіргі уақытта ол ақтөбелік жоғары оқу орындарының бірінде білім алуда.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық жігіт жылдың "Үздік ММА шебері" атағына ұсынылды
Mailfire view pixel