Выйти
RU

Малайзияның короліне тұрмысқа шыққан "Мәскеу аруы" алғаш рет ұлын көрсетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Малайзияның бұрынғы королі V Мұхаммед Фариске тұрмысқа шығып, бір жылдан кейін онымен ажырасып тынған "Мәскеу аруы - 2015" Оксана Воеводина алғаш рет ұлын көрсетті. Көпшілік танымал арудың баласы әкесінен айнымай қалғанын айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ажырасу үрдісі желіде қызу талқыланған жұлдызды жұптың ұлының суреті Воеводинаның Instagram парақшасында жарияланды. Модель күллі әлемге Малайзияның бұрынғы королінен туған баласын алғаш рет көрсетті.

"Сәлем, менің есімім Исмаил Леон. Менің дүниеге келгеніме бес ай болды. Анам мені сондай қатты жақсы көреді" , - деп жазған суреттің астына Оксана.

Желі қолданушылардың басым бөлігі, Исмаил айнымаған әкесі екенін жарыса айтуда.

Айта кетейік, бұрынғы король мен ресейлік модельдің үйлену тойы 2018 жылдың 22 қарашасында Мәскеуде болып өтті. Сұлулық байқауларында жұлдызы жанған ару сүйіктісі үшін ислам дінін қабылдаған.

Оксана Воеводина осы жылдың 21 мамырында бұрынғы Малайзия короліне ұл туып берген.

Ерлі-зайыптылар ресми түрде осы жылдың шілде айында ажырасып кеткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Малайзияның короліне тұрмысқа шыққан "Мәскеу аруы" алғаш рет ұлын көрсетті