Выйти
RU

Аша Матай қызының туған күнін құрбыларымен дүркірете тойлады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матай қызының үш жасқа толуын дүркіретіп тойлаған. Асылымның туған күніне жұлдызды анасының шоу-бизнестегі құрбылары да өз балаларымен бірге келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Санаулы айлардан соң, екінші мәрте ана атанатын Аша Матай тұңғышы Асылымның дүниеге келген күнін өз құрбыларының арасында өткізуді жөн көрген.

Мерекелік шараға тележүргізушінің сырластары Айдай Исаева, Әсем Нұрсейітова, Айнұр Нұрсейітова, Ольга Ким, Айжан Бегасыл және тағы да басқалары келген.

Ашаның жұлдызды құрбылары Асылымның жеке мерекесіне өз перзенттерін де алып барған. Бала-шаға арнайы ойын-сауық бөлмесінде ойнаса, жас аналар дастархан басында тілек айтқан.

Арман мен Ашаның тұңғышының үш жасқа толуына орай ұйымдастырылған шара кезіндегі суреттер мен видеолар Instagram желісінде пайда болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Аша Матай қызының туған күнін құрбыларымен дүркірете тойлады (видео)