RU
Тищенко жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшыны нокдаунға түсірді (видео)

Тищенко жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшыны нокдаунға түсірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Екатеринбург қаласында жергілікті боксшы Евгений Тищенко (5-0, 3 КО) мен қазақстандық Иса Ақбербаев (20-0, 15 КО) арасында WBO Inter-Continental тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өтті. Нәтижесінде ресейлік боксшы жеңіске жеткен деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

10 раундқа есептелген кездесу соңына дейін жалғаспады.

Қазақстандық боксшы 7-ші раундта кездесуді жалғастырудан бас тартты. Оның сондай-ақ 5-ші раундта нокдаунға түскенін айта кету керек.

Осылайша, Евгений Тищенко чемпиондық атағын қорғап қалып, кәсіпқой рингте алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Ал Иса Ақбербаев болса, мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel