RU
Алматы орталығындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Алматы орталығындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Алматының Желтоқсан көшесіндегі караоке-бар маңында жаппай төбелес орын алды. Оқиға орнынан кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Кадрлар видеодан алынды

Оқиға орны. Кадрлар видеодан алынды

Видео Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Онда бір топ жігіттер арасында жанжал туындағынын көруге болады.

Алматы полициясы ҚазАқпарат-қа болған оқиғаға байланысты пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, құқық қорғау органдарына бұл оқиғаға байланысты ешқандай арыз түспеген.

Алайда, тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді күнделікті тексеру арқылы аталған видеоны анықтағаннан кейін бұзақылық фактісі бойынша қылымыстық іс қозғаған.

Полиция оқиға қатысушыларының аты-жөндерін, сондай-ақ жанжалдың себептерін анықтап, кінәлілерді жауапқа тартатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel