RU
Маңғыстауда ежелгі акуланың қаңқасы табылды (фото, видео)

Маңғыстауда ежелгі акуланың қаңқасы табылды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтаулық әуесқой палеонтолог Владимир Ярцев өзінің Instagram парақшасында Маңғыстау облысы аумағынан ежелгі акуланың қаңқасын тапқанын мәлімдеді. Жыртқыш балық шамамен 40 млн жыл бұрын тіршілік еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Зерттеушінің айтуынша, табылған қаңқаны жерден шығару үшін оған желім құйылған.

"Сол акула қаңқасының табылған кездегі және желім құйған уақыттағы суреттерін таптым. Жасы: Бартон жікқабаты, шамамен 40 млн жыл", – деп жазды Ярцев.

Палеонтолог қаңқаларды алып кетуге дер кезінде келгенін айтады. Себебі, өңірде басталған жаңбыр оларды жойып жіберуі мүмкін еді.

"Бір апта бұрын полимерлі желім құйып кеткен қаңқаларды алып кетуге келдім. Жауын-шашын оларды жойып жіберуі мүмкін еді. Дер кезінде келіппін", – деп жазды ол.

Сондай-ақ маман акуланың тістері бейнеленген кадрларды жариялады.

ИнАктау сайтының мәліметінше, зерттеуші қаңқаны 19 қазанда тапқан. Оның ұзындығы – 70 см.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel