RU
"Кінәлі болсам, түрмеге қамаңдар": Латвияға кіруіне тыйым салынған Лепс өкпесін жеткізді

"Кінәлі болсам, түрмеге қамаңдар": Латвияға кіруіне тыйым салынған Лепс өкпесін жеткізді

Рассказать Вконтакте

Латвияның сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич жұма күні ресейлік танымал әнші Григорий Лепсті елге кіруге тыйым салынған тұлғалар тізіміне қосқан болатын. Әнші осыған орай өкінішін білдіріп, кез келген уақытта Латвияға келіп, жергілікті биліктің сұрақтарына жауап беруге дайын екенін жеткізді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Өкінішті! Құжаттамаларды көтеруге болады, егер біреу бірдеңе тапса, кінәлі болсам, мені түрмеге қамаңдар. Солай дұрыс болады. Сотқа шақырып, таққан айыптарыңды дәлелдеңдер... Қазір АҚШ жайлы айтып тұрмын. Латвия да солай шешіпті.
Шынымен де, өкінішті. Биыл менің өнерімді бағалайтын көп адамдар шығармаларымды ести алмайды. Бұл жерде мәселе ақшада емес", – деді Лепс LTV7 телеарнасына берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ Латвияда ешқандай жылжымайтын мүлкі жоқ екенін, әдетте бұл елге тек концерт беруге келетінін мәлімдеді.

"Мен мұнда жай ғана жұмыс жасауға келетінмін. Бұл жерде менің шығармашылығым мен саясаттың қатысы қанша? Егер "Рюмка водки на столе" деген әнім жақпай қалса, оны осында орындайтын репертуарымнан алып тастай аламын.
Саясаткерлердің өзара келісім таппауынан спортшылардың, музыканттардың зардап шегетіні қызық. Егер Латвия билігі қаласа, мені кез келген уақытта шақыра алады. Келіп, олардың сұрақтарына жауап беремін", – дейді әнші.
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel