Выйти
RU

Ковалевті жеңген "Канело" чемпиондық атақтан бас тартпақшы

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік Сергей Ковалевті жеңген Сауль "Канело" Альварес WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартуға ниетті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Бұл жайлы мексикалық спортшының өкілі мәлімдеді.

"Сауль орта салмаққа оралады",- деді Канелоның командасында.

Айта кетейік, күні кеше Сауль Альварес пен Сергей Ковалевтің арасындағы жекпе-жек мексикалықтың жеңісімен аяқталды. Ол ресейлік спортшыны 11 раундтың соңында нокаутқа түсірді.

Осыдан кейін "Канело" жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық атаққа көшуі керек болған.

Кездесу аяқталған соң Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қатысты мәлімдеме жасады.

Ол Головкинге деген жеке қызығушылығы жоғалғанын, соған қарамастан бизнес бойынша жақсы кездесу болуы мүмкін екенін жеткізді.

"Көреміз",- деді боксшы.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Сауль Альварес оралуды жоспарлап отырған салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ковалевті жеңген "Канело" чемпиондық атақтан бас тартпақшы