RU
Сауль Альварес Головкинмен кездесудің шарттарын атады

Сауль Альварес Головкинмен кездесудің шарттарын атады

Рассказать Вконтакте

Сауль "Канело" Альварес ресейлік Сергея Ковалевты Лас-Вегастағы бокс кешінде нокаутпен жеңді. Кейінірек мексикалық боксшы жартылай ауыр салмақтан орташа салмақ категориясына қайта оралғысы келетінін айтты және қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек үшін нақты шарттарын атады деп хабарлайды Sports.ru.

Ресейлік спортшыны мексикалық жігіт 11 раундта ноқаудқа түсіріп, жеңді. Десе де судьялардың жазбалары бойынша, "Канело" Ковалевтың алдында басымырақ болды.

Сауль Сергейді "ұлы жауынгер" атап, оған жекпе-жек үшін алғысын білдірді. Альварес өзінің тарихты құрып келе жатқанын және аталған жекпе-жек аясындағы жоспарын жүзеге асырғанын жеткізді.

Ол өзінің орта салмаққа қайта оралуға ниетті екенін, алайда оның алдында жақсылап демалатынын айтты.

Содан соң мексикалық спортшы өз еліне үлкен жеңістер әкелу үшін "үлкен жекпе-жектерге" шығады.

Головкинге қатысты: боксшы қазақстандық қарсыласын "24 раундтың нәтижесімен" жеңгенін айтты.

"Бірақ жақсы бизнес-ұсыныс түссе, неге келіспеске", - дейді "Канело"

ТАСС-тың хабарлауынша, жеңілісінен кейін Сергей Ковалев жағдайын тексеру үшін ауруханаға жеткізілді. Қуанышқа орай, айтарлықтай жарақаттар анықталмаған.

Сондай-ақ, боксшының өкілдері оның жеңілгеннен кейін мансабын аяқтамайтынын сөз етті.

Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек аяқтала салысымен мексикалық боксшы Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін триллогияға қатысты пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel