RU
Ақтөбе облысында мектеп оқушысы сарайдан өлі табылды

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы сарайдан өлі табылды

Рассказать Вконтакте

27 қазан күні Ақтөбе облысында 6 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Үйдегі сарайда асылып қалған жеткіншек жайлы "Актобе Таймс" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылым мәліметіне сәйкес, көпшілікті есеңгіреткен оқиға Ембі қаласында болған.

Бала оқыған мектепте бұл уақытта барлық оқушы демалыста болғанын хабарлады.

Ортақ білім беретін мекеме балалармен психологтар жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Алайда, олар "марқұм қайғылы жағдайға дейін өзін қалай ұстады" деген сұраққа жауап бермеген.

Аудандық білім бөлімі де айтарға сөз таба алмады.

Олар тек қазіргі уақытта баланың ата-анасымен мамандар жұмыс істеп жатқанын, ал полиция жеткіншекті суицидке не итермелегенін анықтау үстінде екенін жеткізді. Профильді ведомство бұл жағдайда қандай да пікір білдірудің өзі қиын деп отыр.

"Бұл жақындары үшін өте ауыр", -дейді білім бөлімінде.

Журналистер 6 сынып оқушысы толыққанды отбасының үлкен баласы болғанын анықтады. Оның төрт інісі мен қарындастары бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel