RU
Бөлме ішінде өздігінен қозғалған жиһаздар ер адамның үрейін ұшырды

Бөлме ішінде өздігінен қозғалған жиһаздар ер адамның үрейін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның Уэльс қаласындағы мекемелердің бірінде тылсым жағдай орын алды. Ғимараттың Бас менеджері Мэттью Эванске күзет компаниясы хабарласып, дабылдың іске қосылғанын айтыпты, алайда оқиға орнына барған жігіт ешқандай тонаушыларды байқамаған. Десе де бейнебақылау камераларынан шыққан кадлер жігітті дүр сілкіндірді деп хабаралайды life.ru-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

ATIK - Уэльстегі ең танымал клуб. Сол себепті ғимартқа ұрлықшының түсуі бұл жер үшін таңғаларлық жағдай емес. Дабыл сыртта жүрген жасөспірімдердің балалығынан қосылды деп ойлаған ер адам оқиға орнында ыбырсыған бөлмені көріпті.

Ештеңені түсінбеген жігіт бірден бейнебақылау камераларын қарай бастаған. Кадрдан адам сенгісіз жағдайдың орын алғанын көріпті.

Бос бөлмеде алдымен еденнің су екенін хабарлаған белгі құлап түскен. Оны, тіпті, біреу итеріп жібергендей болды. Оның артынша столдардың бірі баяу қозғала бастады. Кейінірек ол да жерге төңкеріліп түсті.

Мэттью не болғанын өзі түсінбейді. Алайда мұның ешқандай логикалық түсініктемесі жоқ. Менеджер мұны біреудің әзілі дегенді де жоққа шығармайды.

"Мен келгенде бәрі жабық, құлыптаулы еді. Жұмыскерлер түнде бұл жерде қызық жайттар орын алатынын жеткізген. Енді олар қорқып жүр", - дейді менеджер.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel