RU
Әйгілі Бочеллимен сахна сыртында ән салған Димаш елді таңдай қақтырды (видео)

Әйгілі Бочеллимен сахна сыртында ән салған Димаш елді таңдай қақтырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайберген ресейлік композитор Игорь Крутойдың кешінде сахна сыртында әлемнің әйгілі әншісі италиялық Андреа Бочеллимен бірге "Besame mucho" әнін орындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Маэстромен көріспегелі көп болды. Грим бөлмесінде ән атайық деп шештік. Сахнаға шығатын сәтті күтіп отырмыз. Әлемнің ең сымбатты теноры Андрея Бочеллимен бірге", - деп жазды қазақстандық әнші.

Желідегілер Димаш пен Бочеллидің даусынан тіпті, "бөлмедегі заттардың естен танып" жатқанын сөз етті.

"Димаш, сендегі жаңалықтардан талып түсетіндейміз, тоқтама", "Тарихи тұлғалармен ән салған бір ғанибет қой", "Керемет, біз сен үшін дұғадамыз", "Құдыретті дауыстардың түйісуінен әуелі бөлмедегі заттар да құлап жатыр", "Бөлмедегі киімдер талып жатыр ғой даусыңнан", "Бочелли, Лара Фабиан, неткен керемет. Бірақ бұл мерекеде ең басты адам - сенсің", - деп жазды олар.

.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
11
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel