Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңіліп барып, жеңдім": Құралай ханым опасыздық жасаған күйеуін қалай кешірді

Опубликовано:

Қыз-келіншектер арасында бақытты отбасының сырымен бөлісетін түрлі семинар-тренингтерімен танылған психолог Құралай Ошақбаева "Оңай емес" бағдарламасына берген сұхбатында өміріндегі қиын сәттермен қалай күрескенін, күйеуі көзіне шөп салса да, өзі бірінші болып кешірім сұрағанын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

19 жасында тұрмысқа шыққан Құралай ханымның психологияға келуіне өмірдегі әртүрлі проблемалар себеп болған. Ауыл тірлігінен шаршаған Ошақбаева жақсы өмір сүруді армандап, қалаған екен.

Ханымның айтуынша, жастай отбасылы болған ол күйеуімен бірден жарасып кетпепті.

"Бірінші күйеуіміз екеуіміздің мінезіміз, бірге қалыптасу, тұру қиын болды. Менің күйеуімнің мінезі көліктерде болады ғой 1,8, 2, 4 оборотты деген. Менің күйеуімде 4 оборотты.

Менің бір үлкен әпкем айтқан "мына жігіттің түрі 2-3 әйелді асырайтынға ұқсайды ғой" деп. Оның энергиясы бар, менің энергиям бар, бір-бірімізге үйрену өте қиын болды.

Екеуімізде бастапқы 2-3 жылда билікке таластық деп ойлаймын. Мен жеңіліп барып, жеңдім", - деді Құралай ханым.

Сондай-ақ, танымал коуч күйеуінің шынымен де мықты болып шыққанын, тіпті көзіне шөп салғанын айтып берді.

"4-5 әйел болған жоқ, енді бір-екеуі болған шығар. Сол менің жүрегіме өте қатты әсер етті. Кешірдім деп айта аламын, кешірмесем осынша жыл тұрмас едім. Неден болғанын білмеймін. Бірақ екеуіміздің де кінәлі екенімізді білемін.

Мен оның төрт оборотына жете алмаған шығармын. Күйеуі мен әйелін бірдей қосады ғой, тең-теңімен, тезек қабымен.

Мен студентпін, ол сол дәрежеде. Кейін бала көтеріп, әйел үйде отырып қалады. Сосын ер адам, командировкада, жұмыста жүреді.
Оның энергиясы көтереді, өзі бұрыннан энергиясы жалындап, жанып жүрген жігіт. Айналасында түрлі әдемі қыздар болады. Мен сол сәтте үйде, бала-шағамен отырып қалған секілді ойлаймын", - деді психолог-тренер.

Сонымен бірге, күйеуі көзіне шөп салса да, отбасының бақыты үшін шаңырағын шайқалтқысы келмеген ол жолдасынан өзі кешірім сұраған.

"Бірінші қадамды мен жасадым. Кешірім сұрадым. Ол бір-ақ күндік нәрсе емес, үйде екі-үш күн ұрыс болады. Содан кейін артық әңгімелер айтылады. Сол айтқан сөздерім үшін, түсінбегенім үшін. Себебі, ол жерде мен кешірім сұрап иіліп, жаңа айттым ғой жеңілім барып, жеңбесем, біз екеуміз екі жаққа кетіп қалар едік. "За то" деген сөз бар ғой. За то ол қазір кешірім сұрап келіп жатыр", - деді Құралай Ошақбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825499-zeilip-baryp-zedim-kralaj-hanym-opasyzdyk-zasagan-kjeuin-kalaj-kesirdi/

pixel