RU
Қарыз алған соң "өліп қалған" жігітін бірнеше жылдан кейін көрген қыз жағасын ұстады

Қарыз алған соң "өліп қалған" жігітін бірнеше жылдан кейін көрген қыз жағасын ұстады

Рассказать Вконтакте

Австралияның Рейчел есімді тұрғыны бірнеше жыл бұрын мейрамханада жұмыс істейтін жігітпен танысып, кездесе бастаған. Алайда көп ұзамай жігіт сүйіктісінен ірі сомада ақша алып, біраздан кейін қайтыс болған. Тек бірнеше жылдан кейін ғашығының тірі болып шыққанын білген ару оны көріп, өз көзіне сенбеген деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Біраз уақыт өткеннен кейін қос ғашықтың арасы ажырай бастаған. Оған Рейчелден ірі сомада ақша алған сүйіктісі себеп болған.

Ол қарызға ақша сұрап, кейін мүлде қоңырауларға жауап бермей кетіпті.

Бір күні аруға жігіттің анасы хабарласып, оның қайтыс болғанын хабарлаған. Қайғыдан құса болған бойжеткен өткен ұмытпақ болып, басқа қалаға көшіп кетіпті.

Бірнеше жыл өткеннен кейін ғана туған жеріне оралған ару жергілікті мейрамхадана марқұм сүйіктісінің жұмыс істеп жұргенін көреді.

Ол тіпті ер адамнан не болғанын да сұрай алмапты. Себебі қызметкерлер әйел адамды көре сала оны мейрамханадан шығарып жіберген.

Өз көзіне өзі сенбеген ол бірден полицияға шағымданады. Алайда олар аруға көмектесе алмайтынын айтқан.

Енді ару бұрынғы ғашығының неліктен бұлай істегенін білу үшін онымен сөйлеспек ойда.

Сіздің реакцияңыз
8
4
2
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel