RU
Жамбыл облысында тойды енді арнайы кестемен өткізбекші

Жамбыл облысында тойды енді арнайы кестемен өткізбекші

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында мерекелік іс-шараларды өткізу үшін арнайы уақыт белгіленді. Бастамашылардың ойынша, мереке бес сағаттан артық болмауы керек. Яғни, кешкі сағат 7-ден түнгі 12-ге дейін деп жазады "Время" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Аталмыш жаңашылдық өңірде жақында ғана өткен қоғамдық форум барысында ұсынылды. Бұл ереже мерекелерді ретке келтіру мақсатында жасалған.

Форумнан кейін бастаманы облыстық әкімдік қарап, оны хаттамаға сәйкес мейрамханалардың иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізетін органдарға жіберген.

Түсіндірме жұмыстарына өңірдегі "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері де қосылған.

Жергілікті тұрғындар кафе мен мейрамханалар кестесіне енгізілген өзгерістерге әртүрлі пікір айтуда.

Тараз тұрғыны Гүлжан Қалиқызы биліктегілердің бастамасын қолдамаған. Әйелдің айтуынша, біреулер жұмысынан кеш шықса, енді бірінің үй шаруалары бар.

Тұрғынның ойынша, мереке аяқталған соң адамдар мейрамханадан шығып, жалға алынған пәтер мен үйлерге барып тойлайды. Ол қонақтардың әрі қарайғы өміріне қауіпті болуы мүмкін.

Ал басқа жергілікті тұрғын Клара Дүрекенова бұл шешім қоғамдағы мәдениетті дамытуға ықпал етеді деп сенеді.

Әйелдің айтуынша, бұл ереже - мереке аяқталса да қайтуға асықпайтын адамдарға әсер етуі керек.

Тараз әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай мейрамханаларда қызмет ететіндердің көп бөлігі студенттер екенін айтқан.

Әкімдіктегілер жұмыстың кесірінен колледж бен ЖОО-да оқитындар сабақтарына дұрыс дайындала алмаулары мүмкін деп топшылайды.

Маман ұзақ мерекелік кештің салдарынан жастардың түннің ортасына дейін, тіпті кейде таңға дейін жұмыс істеулеріне тура келетінін атап өтті.

Матераилды көшіріп басу, тарату "Время" басылымының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel