Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мексикалық боксшыны жеңген Мейірім Нұрсұлтанов қанша табыс тапты

Опубликовано:

Альварес-Ковалев жекпе-жек андеркардында кездесу өткізген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың қанша ақша тапқаны белгілі болды деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Соққы алмаған қазақстандық боксшы Лас-Вегастағы MGM алаңында мексикалық спортшы Кристиан Оливаспен титулды жекпе-жек өткізді.

Төрешілер бірауыздан жеңісті Мейірім Нұрсұлтановқа берді. Қазақстандық боксшы чемпиондық WBC белбеуін иеленді.

Невада штатының Атлетикалық комиссиясының мәліметінше, Мейірім 12,5 мың доллар көлемінде гонорар алды. Оның қарсыласының табысы 500 долларға аз болды.

Кезекті жеңісінен кейін Нұрсұлтанов BoxRec.com рейтингісінде жоғарылады.

Естеріңізге сала кетейік, мексикалық боксшымен 10 раундтық жекпе-жек кезінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825512-kanelo-kovalev-anderkardyndagy-kezdesu-sin-nrsltanov-kansa-aksa-aldy/

pixel