RU
Павлодар облысы полициясына жаңа басшы тағайындалды

Павлодар облысы полициясына жаңа басшы тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Президент әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Павлодар облысы полиция департаменті бастығының лауазымына Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы тағайындалды деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция генерал-майоры Әубәкіров Амантай Акрамұлы лауазымынан босатылды, ол қызметін ІІМ-нің орталық аппаратында жалғастырады.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

  • Нұрлан Мәсімов 1973 жылы туған, ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.
9 жыл бойы Алматы облысының және Алматы қаласының полиция департаменттері бастығының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ІІМ орталық аппаратының департаментін басқарды.

Қызмет өткеру кезеңінде өзін сауатты әрі білікті басшы ретінде көрсете білді.

Сонымен бірге, жеке құрамға облыстың Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалған полиция полковнигі Омаров Фархад Мұратбекұлы таныстырылды.

Министр жаңа басшыларды тағайындалуларымен құттықтап, олардың, сондай-ақ облыстық полиция жеке құрамының алдына Қазақстан Республикасы президентінің ішкі істер органдарына белгілеген бірқатар нақты міндеттер қойды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ішкі істер органдарын жаңғырту, бірінші кезекте, қоғамның талаптарына жауап беретін, заманауи қауіп-қатерлер жағдайларында қылмысқа қарсы тиімді іс-қимылға дайын жаңа форматтағы полицияны қалыптастыруға бағытталған", – деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel