RU

"Нокаут керек деді": "Канело" Ковалевті қалай жеңгенін айтып берді

WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы жаңа әлем чемпионы Сауль Альварес ресейлік Сергей Ковалевпен болған жекпе-жектің ұзаққа созылатынын күтпеген деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Маған шыдамдылық қажет болды. Жекпе-жек біз ойлағаннан ұзаққа созылды. 11-ші раундта бапкер Эдди Рейносо нокаут керек деген нақты нұсқау берді. Жекпе-жек қиын болды. Соққыларымды оның денесіне дарыту өте қиынға соқты, сол себепті түрлі тактикаларды қолданып көрдік", – дейді Альварес.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жектің 11-ші раундында мексикалық Ковалевты нокаутқа түсірді.

Осылайша, 29 жастағы Сауль Альварес кәсіпқой мансабында 53-ші жеңісіне қол жеткізіп, төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ ол WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартуға ниетті екені мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1825573-nokaut-kerek-dedi-kanelo-kovalevti-kalaj-zegenin-ajtyp-berdi.html