Выйти
RU

Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақстандық жігіттің қашан сот алдына келетіні белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақстандық азаматтың ісі жайлы ведомствода өткен брифингте айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Yna.co.kr

Фото: Yna.co.kr

Смадияровтың сөзінше, Оңтүстік кореялық құқық қорғау органдары тергеуді аяқтаған. Іс материалдары сотқа берілген.

Бірінші сот отырысы осы айдың ортасында өтуі мүмкін.

Ертең қазақстандық жігіттің жеке адвокатпен кездесуі өтеді.

Ресми өкіл NUR.KZ журналисіне сот отырысына консулдың қатысатынын хабарлады.

Артынша консулдың адвокаттық іске араласуға ешқандай құқығы жоқ екенін, ол тек отандасымыздың құқығы сақталуын қадағалайтынын айтты.

"Ол, мысалы, ұстау шарттары бұзылмағанын, оны тыңдамағанын, мысалы, аудармашы қате аударып жатқан жоқ па, соны бақылайды. Ол мұндай жағдайда соттың назарын осындай деректерге аударып, бәрі заңды, "таза" болуына септігін тигізеді. Соттың әділ әрі бейтарап өтуін, яғни біздің азаматтың құқығының сақталуын бақылайды", - деді Смадияров.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген 20 жастағы қазақстандық 20 қыркүйекте 7 жасар оқушыны жалға алған көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалғаны хабарланған.

Кейінірек ол кінәсін мойындап, Оңтүстік Кореяға оралды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Кореяда бала қаққан қазақстандық жігіттің қашан сот алдына келетіні белгілі болды