RU
"Салық заңнамасының талабына сай емес": Kaspi Gold төлемдеріне тыйым салына ма

"Салық заңнамасының талабына сай емес": Kaspi Gold төлемдеріне тыйым салына ма

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның қаржы министрлігі Kaspi банкімен бірлесе отырып, қолма-қол ақшасыз аударым жасауды заңдастыру жолын қарастырып жатыр. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: holanews.kz

Көрнекі сурет: holanews.kz

Қаржы вице-министрі қазақстандықтардың комиссиясыз ақша аударуға және көптеген қызмет түрлеріне төлем жасау үшін жиі қолданатын Kaspi Gold картасының жүйесі салық заңнамасына сай келмейтіндіктен, бұл механизмге тыйым салу мәселесі көтерілгенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта Kaspi Gold төлем жасаудың ең жиі қолданылатын түрі. Төлем жүйесі тұрғысынан алсақ, барлық талапқа сай. Ал салық заңнамасының талабына сай емес. Біз бұл механизмге тыйым саламыз деп ойладық. Бірақ бұл шешім ел экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін", – деді Руслан Еңсебаев.

Сондай-ақ вице-министр картадан картаға аударым жасау қазіргі уақытта ең ыңғайлы жүйе екенін атап өтті.

"Мұндай қарапайым тәсіл қолма-қол ақшасыз төлем үлесінің өсімін қамтамасыз етті. Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, биыл өткен жылмен салыстырғанда қолма-қол ақшасыз төлем саны 2,1 есе, ал көлемі 92,6 пайызға артты.
Бұл механизм, ең алдымен, тұтынушылар үшін ыңғайлы. Сондықтан мұндай механизмге толықтай тыйым салмаймыз. Алайда, кәсіпкерлер чек бермей, салықтан жалтарады. Бұл тұтынушының да құқығын бұзады", – деді министрдің орынбасары.

Ол министрліктің Kaspi банкімен бірлесе отырып, жаңа бағдарлама әзірлеп жатқанын тілге тиек етті.

"Осыған байланысты қаржы министрлігі мен Kaspi.kz бірлескен жұмыс бағдарламасын әзірлеп жатыр. Жақын арада P2P (клиенттен клиентке) төлемдерін алмастыратын ыңғайлы тәсіл жасалады. Ол тегін қолданысқа беріледі", – деді Руслан Еңсебаев.
Сіздің реакцияңыз
11
5
1
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel