RU
"Ескертуге қарамастан жолға шығуда": Ақтөбе облысында мыңға жуық көлік жолда қалған (фото, видео)

"Ескертуге қарамастан жолға шығуда": Ақтөбе облысында мыңға жуық көлік жолда қалған (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында кеше кештен бері төтенше жағдай қызметі мен жол тазарту мамандары әбігерге түсуде. Қарашада жауған қалың қар "Самара-Шымкент" тас жолын басып тастаған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

ТЖД мәлметінше, кү райының күрт бұзылуынан 132 адам далада қалған. Оның 17-сі бала. Құтқару қызметі барлық жолаушылардың жылы орындарға жеткізілгенін хабарлайды. Десе де, қиындық жоқ емес. Көлік жүргізушілері ескертуге қарамастан жолға шығып кетіп жатыр.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Жолдағы жағдай өте қиын. Мыңға жуық көлік жолда қалды. Сондықтан жолда қалған көліктердің санын толтырып, тәуекелге бармау керек. Жолаушылардың барлығы кемпингтерге орналастырылды. Жолда қалған көліктер мен жолаушының саны сағат сайын өзгеріп жатыр. Қарабұтақ тұсында жолдың ашылуын күтіп 400-ге жуық автокөлік тұр.
Қалыбай ауылында 50 автокөлік қар құрсауынан шығарылды. Тағы 50-ге жуық көлік Қызылжар ауылының көпірінде тұр. Сонымен қатар, тағы 200-ге жуық көлік Ырғыз-Шалқар және Қызылорда-Ақтөбе тас жолының бойында тұр", - дейді облыстық ТЖД басшысының уақытша міндетін атқарушы Қайрат Қасым.
Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Қазір Ырғызға барар жолда сегіз көлік қар тазалау жұмыстарын жүргізуде екен.

"Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты "Самара-Шымкент" тас жолының Қарабұтақ, Қызылорда шекарасындағы бөлігі жабылды. Себебі жолдың көріну жағдайы төмендеп кетті. Қазір жол бойын қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Тазарту жұмыстары түнгі мезгілде де тоқтаған жоқ. Көліктердің ескертуге қарамастан жолға шығып кетуі қиындық туғызып тұр. Ауа райы тұрақты болса, жол 4-5 сағатта ашылады", - дейді "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Ақтөбе облысы филиалының бөлім басшысы Әкімжан Өтемұратов.
Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Сіздің реакцияңыз
1
0
5
1
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel