RU
Назарбаев Түркістан облысына келді (фото)

Назарбаев Түркістан облысына келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сапармен Түркістан облысына барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Түркістан - түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында", – деп жазды Айдос Үкібай.

Ол сондай-ақ Түркістанға сапары барысында Елбасының қаладағы мәдени-ағартушылық нысандардың, атап айтқанда, түрлі саябақтар мен Арбаттың құрылыс жоспарларымен танысқанын хабарлады.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа "Күлтөбе қалашығы" археологиялық паркін құру жоспары таныстырылған.

Сонымен қатар тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Елбасының ертең де еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel