RU
"Халықтың қамы": Назарбаев Түркістанды облыс орталығы етуді қашан ойлағанын айтты

"Халықтың қамы": Назарбаев Түркістанды облыс орталығы етуді қашан ойлағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласын облыс орталығы етуді қашаннан бастап жоспарлағанын мәлімдеді. Бұл туралы еліміздің Тұңғыш президенті Түркістанға жасаған сапары барысында айтты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Yfpfh,ftd

Фото: KAZ.NUR.KZ

Түркістан қаласына екі күндік сапармен келген Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы күнде жергілікті халықпен бірге арнайы қойылған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Шара барысында сөз алған Елбасы тәуелсіздік алған жылдардан соң сол кездегі Астана қаласын елорда етерде де Түркістанға арнайы келіп, біраз ойланғанын айтты.

«Түркістанды орталық жасау тәуелсіздік алған кездің бірінші күнінен бастап есте болған. Естеріңізде болса, арғы тарихқа бармай-ақ қойсақ, өткен ғасырдың өзінде Түркістан Республикасын құрамыз деген көп шаруалар болған.

Ал енді терең тарихқа үңілетін болсақ, Түркістан - қасиетті өңір, қасиетті жер. 21 ханымыздың жерленген, сұлтандар, әулиелелер осы жерде мәңгілік орын тапқан өте киелі жер.

Тәуелсіздік алғаннан кейін мен осы жерге көз тіктім. Тіпті Астананы таңдаған кезде де келіп, біраз ойландым. Бірақ оған жағдай болмады, өздеріңіз де білесіздер.

Міне, енді уақыты келді. Түркістан қаласын облыстың орталығы жасап, қайтадан жандандырып, елімізге осы киелі орданы қайтару мүмкіншілігі қолымызға тиді», - деді Елбасы.
Yfpfh,ftd

Фото: KAZ.NUR.KZ

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл түркі дүниесінің рухани орталығы Түркістанның облыс орталығы атанғанына тек ел тұрғындары емес, көршілес жатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан елдері де қуанғанын атап өтті.

«Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан барлығы қуанып жатыр. Құдай бұйыртса, олар да атсалысып, бізге көмектеседі деп сенемін.

Өздеріңізге белгілі осыдан бірнеше жыл бұрын Түркістанның 1500 жылдығын атап өтеміз деп біраз шаруаны жасаған болатынбыз. Сонда кездесіп, сөйлескен едік. Сол кезде Түркістан орталық болады деп айтқанмын...

Yfpfh,ftd

Фото: KAZ.NUR.KZ

Түркістанның орны - жеке дара. 175 ғимарат салынады деп жоспарланған, соның 102-сі биыл іске қосылады. Көріп отырсыздар, мұнда қандай қарқынмен жұмыс істеліп келеді.

Мен барлық облыстардың басын осында қостым, іс адамдарының барлығы өздерінің қолдан келген шаруаларын жасап жатыр. Бұйыртса әдемі қала болады, халқы өседі.

Қазір 175 мың халық тұрады. Меніңше аз уақыттың ішінде халық саны жарты млн, одан да көп болатын шығар деп ойлаймын.

Бұл жердің саябағы да, жолдары да болады. Түркістанды талай жолдың торабы дейді. Қытайдан Еуропаға кететін үлкен дәліз, темір жол, бәрі бар.

Сондықтан Тәуелсіз Қазақстанымызда тағы да бір керемет орталық, керемет тарихи қала болайын деп отыр. Бұл - бәріміздің қуанышымыз», - деді Елбасы.
Yfpfh,ftd

Фото: KAZ.NUR.KZ

Одан өзге Назарбаев киелі қаладағы кесене жөндеуден өтіп, Қожа-Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ іске қосылғанын, көп шаруалар ретімен жасалынғанын айтып, ол жұмыстардың соңы ретінде ақырғы міндет қаланы облыс орталығы ету болғанын жеткізді.

«Осының бәрінің ең аяғындағы міндеті - облыс орталығын салу еді. Оған да мінеки, Алла бізді жеткізді. Сондықтан баршаларыңызды құттықтаймын.

Түркістан әдемі болады. Биылдың өзінде миллионға жуық турист келіпті. Ал мына ғимараттардың барлығы: тарихи, неше түрлі мәдениет пен спорт ошақтары салынған соң қаптаған туристер келеді. Олар елге жұмыс береді.

Салынып жатқан ғимараттың барлығында, қонақ үйде қаншама түркістандық жұмыс істейтін болады. Барлығы ақша, қаражат табады, әл-ауқаты түзеледі.

Осының бәрі - халықтың қамы. Қазақстанымыз жасай берсін, Түркістан жасай берсін...», - деп сөзін түйді Елбасы.
Yfpfh,ftd

Фото: KAZ.NUR.KZ

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан халқымен кездеспес бұрын алдымен кесенеге кіріп, кейіннен қаладағы мәдени-ағарту нысандарының, саябақтар мен Арбат құрылысының жұмысымен танысты. Одан өзге Елбасыға «Күлтөбе» қалашығы археологиялық паркін құру жобасы таныстырылды. 

Yfpfh,ftd

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
18
1
1
1
0
22
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel