RU
Ауа райы күрт суытты: Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Ауа райы күрт суытты: Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытып, жаңбыр мен жабысқақ қар жауа бастайды. Алдағы тәулікте циклонның шығыс бағытта жылжуымен республиканың оңтүстік-шығысы және шығысында жаңбыр, қар жауып, екпінді жел соғады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ауа райы күрт суытты: Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0-ден төмен болады.

Еліміздің солтүстік жартысында түнде минус 2…10°С, оңтүстігінде 0…8°С қалыптасады, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық нормадан 3…6°С төмен.

Ірі қалалардағы ауа райы

5 қараша күні Нұр-Сұлтанда күн алабұлтты, аздап қар жауады. Түнде ауа температурасы минус 2, күндіз 0 градус. Алматыда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Түнде +1, күндіз +4 градус. Шымкентте күн бұлтты, түнде +2 болса, күндіз температура +5 градусқа жетеді.

6 қараша елордада күн құбылмалы, ауа температурасы түнде минус 1, күндіз +1 градусты құрайды. Алматыда күн алабұлтты, аздап қар жауады. Түнде ауа температурасы +1, күндіз де +1 градусқа жетеді. Шымкентте күн ашық, түнде +2, күндіз +6 градус.

7 қараша Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0 градус, күндіз +3 градус. Алматыда да күн бұлтты, температура түнде +2, күндіз +4 градус. Шымкентте күн ашық, түнде +5, күндіз +11 градус нөлден жоғары.

Қараша айына болжам

Синоптиктер қараша айында күн суытады деп отыр. Бірінші онкүндікте еліміздің батысында, айдың ортасында солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы мен шығысында температура түнде минус 5-10, кей жерлерде минус 13 градусқа дейін төмендейді.

Күндіз 0-5 суық, кей аумақтарда плюс 5 градус температура орнайды. Оңтүстікте түнде 0-5, кей жерлерде 10 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel