RU
Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

Рассказать Вконтакте

Egov.kz веб-сайтының ақпаратынша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2019 жылдың соңғы айында 12 күн демалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

LTVFKSC

Көрнекі фото: pixabay.com

Жылдағы дәстүр бойынша, қыстың алғашқы айында Қазақстан тұрғындары екі үлкен мейрамды - Тұңғыш Президент күнін және Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

  • Тұңғыш Президент күні, дәлірек айтсақ, оның атап өтілетін күні биылғы 1 желтоқсан жексенбіге сәйкес келгенін атап айту керек.

Демек, жексенбіден кейінгі күн де ​​демалыс күні болады.

Айта кетерлігі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арналған мереке 18 жыл бұрын, жаңа ХХІ ғасырдың басында атап өтіле бастады.

Бұл күні бүкіл қазақстандықтар Тұңғыш Президенттің мәртебесін атап өтуге арналған түрлі шаралар өткізеді.

Естеріңізде болса, осыдан 28 жыл бұрын, 1 желтоқсанда ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі алғашқы президенттік сайлауда жеңіске жетіп, ел президенті болып сайланған болатын.

Сонда Елбасы сайлауда 98,7% дауыс жинады.

  • Ал биылғы Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан дүйсенбіге тап келеді. Мереке құрметіне екі демалыс күні: дүйсенбі және сейсенбі күндері беріледі.
Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

Инфографика: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
3
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel