RU

Ресейде олимпиада чемпионы айықпас дерттен қайтыс болды

Telegram logo VKontakte logo

Гимнастикадан олимпиада чемпионы, ресейлік Дмитрий Василенко 43 жасында көз жұмды. Қаралы хабарды спортшының әріптестері жеткізді деп хабарлайды Lenta.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дмитрий Василенко. Фото: bookmaker-ratings.kz

Дмитрий Василенко. Фото: bookmaker-ratings.kz: Facebook

Василенконың өлімі туралы хабарды төрт дүркін Олимпиада чемпионы Алексей Немов өзінің Instagram парақшасында жазды.

Немов спортшының жақындарына көңіл айтқан.

2008 жылы Василенкоға амиотрофты бүйірлік склероз диагнозы қойылған. Осының салдарынан спортшы сал болып қалған. Қазіргі уақытта бұл айықпас дерттер қатарына кіреді.

Василенко 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадада командалық көп сатылы жарыста алтын медаль алған. Сондай-ақ, оның қоржынында әлем чемпионаттарының күміс және қола медальдары бар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ресейде олимпиада чемпионы айықпас дерттен қайтыс болды