RU
Криштиану Роналдудың жеке стилисі өлі күйінде табылды

Криштиану Роналдудың жеке стилисі өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Португалия ұлттық құрамасының әрі туриндік "Ювентус" клубының футболшысы, әйгілі Криштиану Роналдудың жеке шаштаразы өлі күйінде табылды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: peopletalk.ru/ instagram.com/cristiano

Фото: peopletalk.ru/ instagram.com/cristiano

Рикардо Маркеса Феррейрудың өлі денесі 1-қарашада Цюрихтегі қонақ үйлердің бірінен табылған.

Басылымның мәліметінше, шаштараз 40 жаста болған.

БАҚ Рикардоның денесінде бірнеше пышақ жарақаты болғанын, оның төсекте жатқанын, қонақ үй нөмірінде айнала қан іздері қалғанын, сондай-ақ, ол жерде алкогольдің иісі де қатты шығып тұрғанын жазуда.

Құқық қорғаушылардың негізгі нұсқасы - қасақана өлтіру.

Марқұмның денесі табылған екі күннен соң, Цюрихте күдікті бразилиялық азамат ұсталған. Қамауға алынған ер адам 39 жаста.

Әзірге қылмыс жасауға не түрткі болғаны белгісіз.

Кісі қолынан қаза тапқан португалиялық Рикардо Маркеса Феррейру Швейцарияда 2017 жылдан бері тұрады. Осы жерде ол кәсіби ісімен айналысқан.

Оның Роналдудан бөлек, модель Фатима Лопеш және тележүргізуші Лилиана Кампос сияқты тұрақты клиенттері болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel