RU
Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Орта салмақта Еуропаның бұрынғы чемпионы поляк Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевский клиентінің қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: instagram.com/gggboxing, /szeremeta_kamil

Коллаж: NUR.KZ. Фото: instagram.com/gggboxing, /szeremeta_kamil

Айта кетейік, 5 қазанда Шеремета Нью-Йоркте өткен GGG-Деревянченко бокс кешінің андеркардында жекпе-жекке шығып, мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

"Біз дайынбыз. Камил Шеремета – өршіл спортшы. Ол GGG секілді аңыз боксшымен жекпе-жек өткізуді армандайды. Бұл оның мақсаты", – деді Василевский The Ring басылымына берген сұхбатында.

Промоутердің айтуынша, Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек 8 немесе 29 ақпанда өтуі керек. Бокс кешін поляк диаспорасы көп шоғырланған Чикаго қаласындағы Wintrust Arena-да өткізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын америкалық бокс шолушысы Дэн Рафаэль IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) жекпе-жек өткізуге келіскенін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel