Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халыққа "Менің атым Қожа" фильмі арқылы таныс Раиса Мұхамедиярова өмірден өтті

Опубликовано:

Кеңес одағының әрі қазақстандық театр және кино актрисасы Раиса Мұхамедиярова қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Раиса Мұхамедиярова. Фото: kino-teatr.ru
Раиса Мұхамедиярова. Фото: kino-teatr.ru: Facebook

Раиса Мұхамедиярова 5-қараша күні, таңертең өмірден өткен.

Бұл туралы агенттікке актриса 1995-2002 жылдары жұмыс істеген Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының баспасөз хатшысы Ернат Ысқақ хабарлаған.

Айта кетейік, Раиса Мәжитқызы Қалын көпшілікке "Менің атым Қожа" фильміндегі Қожаның сынып жетекшісі Хадиша Майқанованың рөлі арқылы таныс.

Сондай-ақ, актриса "Әлсіз жүрек", "Астана любовь моя", "Повелитель тьмы", "Идеальный пейзаж в пустыне", "Третья сторона медали", "Боярышник", "Мальчик мой!", "И в шутку, и всерьёз..." фильмдеріне түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825680-kaly-kpsilikke-meni-atym-koza-filmi-arkyly-tanys-raisa-mhamediarova-kz-zmdy/

pixel