RU
Ерте қартаюдан сақтайтын 10 азық-түлік
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ерте қартаюдан сақтайтын 10 азық-түлік

Рассказать Вконтакте

Сарапшылар адамның түр-әлпетін жас қалпында сақтауға көмектесетін азық-түліктің 10 түрін атады деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Мәселен, қызанақ теріні жақсы күйде сақтауға көмектеседі. Оның құрамындағы ликопин антиоксиданты, сондай-ақ А мен С дәрумендері бет терісін жаңартады.

Қызанақты күнделікті жеп тұру терінің ультрафиолеттен қорғануын 33 пайызға арттырады, және де қартаю процесін баяулатады.

Сонымен қатар, көк шайдың теріге ғана емес, қан тамырларына да оң әсерін тигізетіні анықталды. Ал қабыну процесін жоюда брокколидің пайдасы мол екені белгілі болды.

Бұдан бөлек, құрамында антиоксиданттар, кальций, калий және А, Е, В6, В12 дәрумендері бар жаңғақтарды тамақтану рационына қосқан абзал. Олар ағзадағы су теңгерімін сақтауға көмектеседі.

Терінің қалпына келу процесін жылдамдатып және әжімдердің пайда болуын баяулату үшін мамандар авакадо мен арқан балықты жеуге кеңес береді.

Ал терінің шымырлығын сақтау үшін зәйтүн майы, жапырақты салаттар, қаражидек пен қара шоколадтың пайдасы мол көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel