RU
Минутына 100 мың сөз оқитын қытайлық балалар әлемді таңқалдырды (видео)

Минутына 100 мың сөз оқитын қытайлық балалар әлемді таңқалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана қытайлық оқыту орталығы бар назарды өзіне аударды. Дайындық бағдарламасы оқушылардың санаулы минутта 100 000 сөзге дейін есте сақтауына мүмкіндік береді деп жазады Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

You Tube желісіндегі видеодан кадр

You Tube желісіндегі видеодан кадр

"Квантты жылдам оқыту" техникасы Цзянсу аймағындағы Яньчэн қаласында орналасқан білім орталығында үйретіледі.

Әлемдік қауымдастық бұл туралы жақында ғаламтор бетінде осы әдісті қолданып, кітап оқып отырған балалардың видеосы пайда болғаннан кейін білді. Дегенмен роликте олардың жай ғана кітапты жылдам парақтап отырғаны байқалады.

Оқу орталығының басшылары мұны квантты жылдам оқыту техникасымен байланыстырмайды. Weibo желісіндегі жарнамаларда курстың 10 мен 16 жас аралығындағы балаларға арналғаны жазылған.

Аталмыш техниканы жапондық педагог Юмико Тобитани жасап шығарған.

Бұл әдістің көмегімен жүздеген парақтарды аударған кезде, оқырманға не оқып жатқанын түсінуге көмектесетін кескіндер қалыптаса бастайды екен. Мәтіннің қай тілде жазылғандығы маңызды емес.

Бірқатар ғалымдар мен сарапшылар бұл техниканы алдау деп қабылдап, оның ешқандай ғылыми негізі жоқ екенін айтуда.

Сіздің реакцияңыз
0
3
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel