RU
"Барлығы көңілімнен шығады": Отбасылы адамның көңілдесі жан сырын ақтарды

"Барлығы көңілімнен шығады": Отбасылы адамның көңілдесі жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Өзін отбасылы адамның көңілдесі деп таныстырған келіншек бүгінде өміріне өкпесі жоқ екенін ашып айтты. Әйел адам Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасына отбасылы ер адамның көңілдес тауып алуына ерлердің өзі кінәлі екенін жазып, жан сырын ақтарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Кейіпкердің сөзінше, ол тұрмысқа шығып, ұлды болған. Алайда ажырасып, бүгінде отбасылы ер адамның көңілдесі болып жүр екен. Ол ер азаматтың мұндай қылыққа баруына көңілдес емес, ер адамның өзі кінәлі дегенді алға тартты.

"Табысты, бекзат жігіттің көңілдесімін. Барлығы көңілімнен шығады, ұлдарым бар. Өзім тұрмыста болғанмын, енді ол қателігімді қайталамаймын. Мен өзіме нақты не керек екенін білемін. Аптасына ерімді бірнеше рет көрсем болды. Жағдайым жақсы, бірақ ол соған қарамастан маған және менің балаларыма барын береді.
Ал оның балаларын ойламаймын. Неге? Неге әкесі мен шешесі олар жайлы ойламаса, мен неге ойлауым керек? Олар ажырасып кетпесе екен деймін", - дейді келіншек.

Әйел адам көңілдестерді кінәлап, бар кінәны соларға артатын әйелдерді сынға алды. Оның сөзінше, бұл жерде барлығына тек ер адам кінәлі. Олар жұбайларына адал болуға уәде беріп, артынша көңілдес тауып алады екен.

"Сіздің күйеуіңіз көңілдесіне емес, сізге адал болуға уәде берді. Біз боданбыз, көңілдесіміздің бізден кетіп қалғанына қайғырмаймыз. Барлық кінәні көңілдестерге емес, күйеуге артқан абзал болар", - дейді ол.
Сіздің реакцияңыз
8
2
3
0
0
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel