RU
"Жігіт керек": Айқын Төлепберген әпкелі-сіңлілі Жолдыбаеваларды сынға алды

"Жігіт керек": Айқын Төлепберген әпкелі-сіңлілі Жолдыбаеваларды сынға алды

Рассказать Вконтакте

Гәкку арнасының "Тыңда" бағдарламасына қонаққа келген Айқын Төлепберген Кәмшат пен оның сіңлісі Алтынай Жолдыбаеваның өнерін сынады. Әншінің сөзінше, қыздар "ах" деп әсірелеп, өздерін әндерімен ерсі көрсетіп жүр екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдарламаның шарты бойынша жұлдызды қонақ жүргізуші қосқан әнді тыңдап, оның атауы мен орындаушысын табуы керек.

Алтынай Жолдабаеваның әнін мүдірмей тапқан Жұлдыз бен Айқын арудың өнерін сынай бастады.

Айқын өз сөзінде Алтынайға да Кәмшатқа да музыкалық продюссер керек екенін, қыздардың қылығы ерсі көрініп жүргенін алға тартты.

"Жігіт керек оған нормальный. Продюсер жетіспейді. "Аааххх" деп ән айтып, сексуалды болуға тырысудың қажеті жоқ секілді.

Ол сексуалды болуға тырысатын сияқты, бірақ керісінше, ерсі болып кеткен. Әпкелі-сіңлілі қыздармен кішкене жұмыс істеу керек.

Шынымды айтайын, Кәмшатқа да "мынаны орында, мынаны орындама" деп айтатын музыкалық продюссер қажет. Негізі өзі керемет әртіс.
Одан кішкене Ерке Есмахан жасау керек. Яғни, әндері бойынша, қарапайым болу керек", - деді әнші өз сөзінде.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel