Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңгезердей жігіттермен суретке түскен Мадина Сәдуақасова жұртты тамсандырды (фото)

Опубликовано:

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова еңгезердей алып жігіттермен түскен суретін жариялады. Эстрада жұлдызы Түркістан облысында өтетін концертке қатыспақшы деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысынан көпшілікке жалынды сәлем жолдаған ол қасында нағыз қазақтың батырлары тұрғанын айтты. Ол тыңдармандарын шаһардағы саябақтың ашылуына байланысты өтетін концертке шақырды.

Ал жазбасын: "Баяғыда "Гулливер" туралы кітап оқып едік. Гулливердің ортасында мен Ер-Төстіктің қыз варианты болып тұрмын ғой", -деген сөздермен толықтырды.

Суретті көрген желі қолданушылары қазақтың нағыз алып жігіттері бар екенін қуанған. Олардың арасында қатты таң қалғандары да жоқ емес.

"Бұл шын ба?" ,"Не деген алып жігіттер", "Қазақтың нағыз батырлары", "Баяғыда бабаларымыз осындай болған", "Еңгезердей ерлер бізде де бар екен", "Керемет" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825727-egezerdej-zigittermen-suretke-tsken-madina-sduakasova-zrtty-tamsandyrdy-foto/

pixel