RU
"Замогым атылып кетті": Алтынай Жорабаева концерттегі келеңсіз жағдай туралы айтты

"Замогым атылып кетті": Алтынай Жорабаева концерттегі келеңсіз жағдай туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Ұлттық нақыштағы киімдерді құп көретін Алтынай Жорабаева оюлы көйлегімен ұятқа қала жаздағанын айтты. Бұл туралы ол "Ревью" бағдарламасында мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: Ревью/ НТК

Видеодан кадр: Ревью/ НТК

Әнші отандық дизайнер Дана Нәби тіккен киімнің сахнаға шығар алдында келеңсіз жағдайға ұшырауға себеп болғанын алға тартты.

"Сарығашта көктемде концерт бердік. Сонда Данаға замокты қатты әрі қысыңқы етіп тік дедім. Сахнаға шығайын деп тұрмын, дірілдеп тұрмын, жаба алмай жатырмын.

Содан қатты жапқан кезде бәрі атылып кетті. Сонымен қайтадан алдында киген көйлегімді киіп шықтым", - дейді Алтынай.

Сонымен бірге, Жорабаева күнделікті өмірде қазақи киімдерді киіп жүруге қарсы емес екнеін жеткізді. Тек ел оның бұл қылығын кезекті хайпқа балап, түсінбей қала ма деп қорқады.

"Қазір, тіпті, күнделікті киетін көйлектердің фасоны бұрынғы қазақтың камзолдың ішінен киетін көйлектердің фасоны сияқты.
Жоғары бел, көкіректің астынан дегендей. Сондай киген кезде "Немене екіқабат сияқты сондай көйлектер киеді" деп адамдар онша түсіне бермейтін",- деді ол.
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel