RU
50 жұмыртқа жеуге бәстескен азамат есінен танып, тіл тартпай кетті

50 жұмыртқа жеуге бәстескен азамат есінен танып, тіл тартпай кетті

Рассказать Вконтакте

Үндістан тұрғыны Субхаш Ядав көп мөлшерде жұмыртқа жеуінің салдарынан көз жұмды. Ол 42-ші жұмыртқаны жеуге талпынған кезде есінен танды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

42 жастағы ер адам досымен бірге базар аралап жүргенде, екеуінің арасында дау туған.

Бұл дауды бәстесу арқылы шешпек болған олар 50 жұмыртқа жеген адамға екі мың рупий беруге келіскен.

Осылайша, Ядав бәстің шартын орындауға кірісіп, 41-ші жұмыртқаны жеп болған соң есінен танып қалған.

Ол бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда, бірнеше сағаттан кейін көз жұмған. Медиктер оның өліміне артық тамақтанудың себеп болғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel