RU
Омбыда Тоқаев пен Путиннің келуіне орай жерді бояп қойған (фото)

Омбыда Тоқаев пен Путиннің келуіне орай жерді бояп қойған (фото)

Рассказать Вконтакте

Омбыда мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинді қабылдауға дайындық барысы жүріп жатыр. Олар Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығының ХVI халықаралық форумына қатысады деп хабарлайды superomsk.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: superomsk.ru

Фото: superomsk.ru

Басылымның мәліметінше, президенттердің қандай нысандарға баратыны туралы ақпарат әзірге белгісіз. Сондықтан да қала билігі барлық олқылығы бар жерлерді "жауып" жатқан көрінеді.

Сондай жерлердің бірі – хоккей академиясының жанындағы құрылысы ұзақ уақытқа созылған нысан. Жақында ондағы жерді жасыл түске бояған.

Басылымның ақпарынша, билік өкілдері бұл шараны шөп егудің жаңа тәсілі ретінде қарастырады.

Sputnik Қазақстан хабарлағандай, қалаға президенттер келуінің алдында жолдар мен ғимараттардың келбетін жөндеу үшін миллиардтаған рубль бөлінген.

Жалпы, бүгінгі таңда Омбыда 192 ресей-қазақ жобалары қызмет етуде.

Губернатор Александр Бурков Қазақстанның Омбы облысы үшін сауда серіктесі ретінде бірінші орында тұрғанын атап өтті.

Халықаралық форумды 6-7 қарашада өткізу көзделіп отыр. Бірнеше сессия барысында шекара маңындағы сауданы, әйелдер кәсіпкерлігін, екі ел арасындағы шикізаттық емес экспортты дамыту мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel