RU
Бұрынғы қызын жаңа ғашығынан ажыратып жіберген жігіт өкініп қалды

Бұрынғы қызын жаңа ғашығынан ажыратып жіберген жігіт өкініп қалды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілердің бірінде Рooiiiyteewwe атымен отыратын жігіт бұрынғы қарым-қатынасы жайлы сырын ақтарды. Оның сөзінше, ол бұрынғы ғашығының ерсі мінезіне шыдамай онымен ажырасуға бел буған деп хабарлайды life сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Оның бұрынғы сүйіктісі өзін ерсі ұстаған. Ер адамды үнемі кемсітіп, оған дөрекілік көрсететін ару жігіттің титығына әбден тиіпті.

Ол мұндай қарым-қатынасты тоқтату керек екенін түсінгенде бойжеткен оны жібергісі келмей, оның қайта орлауын сұрапты.

"Мен оған айырылысамыз деген хабарламаны жібергенім сол еді, маған дереу қоңырау шала бастады. Ұзақ жауап бермей тұрдым, алайда тұтқаны көтергенімде ол маған ұрысып, содан кейін қайтып оралуымды сұрады. Кейін оның менің көзіме шөп салғанын білдім", - дейді кейіпкер.

Бір күні ер адам дәмханаға кіріп, қызының сол жерде басқа біреумен отырғанын көріпті.

Ол бойжеткеннің шын мәнінде кім екенін айтуды шешкен екен. Сөйтіп әлгі жігітке кезінде қыздың өзіне жіберген аудиохабарламаларын тыңдатыпты.

"Ол қыздың маған жіберген лас хаттарын көріп, таңырқап қалды. Мен оған барлық оқиғаны айтып берген кезде, маған алғыс айтып, дәмханадан кетіп қалды", - дейді жігіт.

Кейіннен ол бұрынғы қызы мен мен оның жаңа сүйіктісінің айырылысып кеткенін біліпті.

Өзін бір жағынан кінәлі сезінген ол оқиғаны желіге жазған. Оқырмандар жігіттің бәрін дұрыс істегенін алға тартып, оны жұбата бастады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel