RU
Александр Винокуров Белгияда ақталып шықты

Александр Винокуров Белгияда ақталып шықты

Рассказать Вконтакте

Бельгияда қазақстандық спортшы Александр Винокуровтың ісі бойынша сот процесі аяқталды. Велошабандоз ақталып шықты. Бұл туралы спортшы Instagram-да хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Александр Винокуров өзінің жазбасында хабарлағандай, Бельгия соты "жалғыз әділ шешім шығарған".

Винокуров қазіргі таңда "Астана" велокомандасының Бас менеджері. Ол ұзаққа созылған істің аяқталғанына қуанышты.

Tengrinews.kz хабарлағандай, спортшының ақталып шығуына айыптау тарапынан дәлелдің жоқтығы негіз болды.

Естеріңізге сала кетейік, шулы іс жайлы осы жылдың қыркүйек айында белгілі болды. Ол кезде бельгиялық прокуратура ресейлік спортшы Александр Колобнев пен қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровты 9 жыл бұрын өткен "Льеж - Бастонь - Льеж" жарысы кезінде сөз байласты деп айыптады.

Болжам бойынша, қазақстандық спортшы ресейлік спортшыға 150 мың еуро, яғни 65 миллион теңгеге жуық қаржы төлеп, жеңісті одан сатып алған.

Мемлекеттік айыптаушы спортшылардың 6 айға түрмеге тоғытылуын талап етті.

Кейінірек Винокуров сот талқылауына түсініктеме беріп, өзінің кінәсіздігіне сенімді екенін айтты.

Екі спортшының ісі бойынша сот процесі өткен айдың басында өтуі тиіс еді, алайда отырыс мекеменің жұмыс істеуіне байланысты ауыстырылды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel